“Дулат Бабатайұлы атындағы Семей жоғары колледжі” студенттеріне арнап «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі туралы» тақырыбында дәріс

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдін Абай облысы бойынша өкілдігінің қызметкерлері және «Еркіндік рухы» жастар істері жөніндегі комиссиясының мүшесі Б. Тұрысбекова “Дулат Бабатайұлы атындағы Семей жоғары колледжі” студенттеріне арнап «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі туралы» тақырыбында дәріс өткізді. Кездесу барысында студенттер Қазақстандағы Омбудсмен институты, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау тетіктері және өңірлік өкілдік жұмысының негізгі бағыттары туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілді.

Дәріс аясында «Адал азамат» идеалдары тұрғысынан азаматтар мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі, заңға бағынушылық, парасаттылық және адам құқықтарын құрметтеу принциптері мәселелері толық қозғалды. Спикер өскелең ұрпақ арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, әртүрлі өмірлік жағдайлардағы құқықтарын, міндеттері мен заңды жауапкершілігін сезінуіне ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, талқылау барысында әйелдердің құқықтарын қорғау, олардың бейбітшілікті, қоғамдық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі негізгі рөлі, сондай-ақ қақтығыстардың алдын алу және реттеу процестеріне қатысу мәселелері де сөз болды. Дәріс қорытындысы бойынша студенттердің бойында жоғары құқықтық сананы қалыптастыру және мемлекеттік құқық қорғау институттары мен Семей қаласының білім беру ұйымдары арасындағы байланысты нығайту мақсатында алдағы уақыттағы өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-abay-oblysy/press/news/details/1225092?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді