Кене арқылы таралатын боррелиоздан сақ болыңыз

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті кене белсенділігі күшейетін кезеңде кене арқылы таралатын боррелиоздың (Лайм ауруы) таралу қаупі артатынын ескертеді.
Кене боррелиозы – иксодты кенелер арқылы жұғатын табиғи-ошақтық жұқпалы ауру. Бұл дерт теріні, жүйке жүйесін, буындар мен жүрек-қантамыр жүйесін зақымдауы мүмкін.
Ауру көбіне орман алқаптарында, саябақтарда, саяжай аумақтарында, сондай-ақ шөбі қалың, бұталы жерлерде жүрген кезде жұғады. Аурудың жасырын кезеңі бірнеше күннен 30 тәулікке дейін созылуы ықтимал. Инфекцияның алғашқы белгілерінің бірі – кене шаққан жерде біртіндеп ұлғаятын сақина тәрізді қызарудың пайда болуы. Сонымен қатар дене қызуы көтеріліп, әлсіздік, бас ауруы және бұлшықет сырқырауы байқалуы мүмкін.
Аурудың алдын алу үшін мамандар табиғат аясында жабық әрі ашық түсті киім киюге, кенеге қарсы қорғаныш құралдарын пайдалануға, әрбір 1–2 сағат сайын өзін-өзі және бірін-бірі тексеріп отыруға кеңес береді. Үйге оралғаннан кейін денені, киімді және үй жануарларын мұқият қарау қажет.
Денеге жабысқан кене анықталған жағдайда оны өз бетінше жұлып алуға немесе жаншуға болмайды. Мұндай жағдайда дереу медициналық ұйымға жүгініп, маман көмегіне жүгінген жөн.
Уақытылы көрсетілген медициналық көмек ауруды ерте анықтауға және тиімді ем жүргізуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1225663?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді