Кене энцефалитінің алдын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысында трансмиссивті табиғи-ошақтық аурулардың ішінде кене шағуы арқылы туындайтын “Кене энцефалиті” және “Лайм боррелиоз”  өзекті.

Кенелердің белсенділік маусымы сәуірден қыркүйекке дейін – мамыр мен маусым айларында ең жоғары. Табиғаттағы жұқпаның резервуары мен тасымалдаушылары – иксод кенелері.

Адам кене энцефалиті вирусын – кене шаққанда, жабысқан кенені жаншу, ешкі мен сиырдың шикі сүтін ішкен кезде жұқтырады.

Сырқаттану кене шаққан уақыттан бастап 10-20 күннен кейін жедел дамиды. Вирус мидың сұр затын, жұлынды және перифериялық нервтерді зақымдау нәтижесінде, бұлшықеттерге әсер етіп, аяқ-қолдардың салдануына  алып келеді.

Жетісу облысында 2025ж., 2026ж.басынан кене энцефалиті тіркелген жоқ (соңғы рет 2022 жылы Ескелді ауданында 1, Текелі қаласында 2 жағдай тіркелген).

 2026 жылғы эпидемиялық маусым басталғалы апталық мониторингке сәйкес облыс бойынша кене шағудың 523 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейін – 265 бала. Былтырғы жылдың осы аралығымен салыстырғанда кене шағу жағдай 23,6% жоғарлаған (2025ж. 423 жағдай).

Кене шағудан кейінгі тиімді алдын-алудың бір жолы кене энцефалитіне  қарсы иммуноглобулинді алу. Оны 3 күн ішінде мүмкіндігінше тезірек енгізу керек.

Қызметі омартада болумен, ауыл шаруашылығы, құрылыс, экспедиция, отын дайындау, орманды тазарту, аумақты көгалдандырумен байланысты адамдарға кене энцефалитіне қарсы вакцина алу ұсынылады. Вакцинация тегін жүргізіледі.

Облыста 5 аудан мен 2 қаланың аумақтары кене энцефалитінің табиғи ошақтары болып табылады: Ақсу, Алакөл, Ескелді, Сарқан аудандары мен Талдықорған, Текелі қалалары. Жыл сайын сәуір, маусым айларында осы аумақтардың тұрғындары жиі демалысқа шығатын саябақтарда, скверлерде және ашық аумақтарда кенеге қарсы жою жұмыстары (230 га 2 рет) жүргізіледі. 2026 жылы кенеге қарсы өңдеу жұмыстарының 1 туры сәуірдің 1-нен 28 дейін жүргізілді, 2 туры маусымның 1-нен 22 дейін жүргізілуі жоспарлануда.

Сондықтан кенелерді жою бойынша жұмыстарды жүргізу туралы белгілері (жазуы бар қалқандар) бар аумақтарға барудан бас тартуды сұраймыз. Кенелерді жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу туралы белгісі бар орындарда 45 күн бойы мал жаюға тыйым салынады. Сонымен қатар, өңдеу жүргізілген күннен бастап алғашқы 3 күн ішінде осы аумақтарға барудан, жерде жатып демалудан аулақ болу қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-zhetisu/press/news/details/1225611?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді