
«Кім? Қайда? Қашан?»: Білім мен парасат бәсекесі
19 мамыр күні аудандық кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен «Кім? Қайда? Қашан?» интеллектуалды ойыны өтті. Сайысқа әріптестеріммен бірге «Парасат» тобы болып қатыстық.
Әртүрлі бағыттағы 15 сұрақ қойылып, әсіресе «Қара жәшік» кезеңі көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды.
Командамыз логикалық ойлау қабілеті мен нағыз ұйымшылдықты көрсете білді.
Алдағы уақытта бұл ойын аудандық мемлекеттік қызметшілер арасында жалғасын таппақ.
Кеш соңы кітапханашы М.Болатқызының әсем әнімен қорытындыланып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1225456?lang=ru

Жауап қалдыру