Мәслихат депутаттары жасанды интеллект бойынша оқудан өтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарына арналған «Мемлекеттік басқарудағы жасанды интеллект: мәслихат депутаттарына арналған практикалық семинар» атты үш күндік семинар-практикум басталды.
 
Атырау облыстық мәслихатының Әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Бақыт Қаметов және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының директоры Еркебұлан Ғабдығапаров сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
 
Семинардың мақсаты – мәслихат депутаттарының кәсіби қызметінде жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану бойынша теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын дамыту.
 
Бағдарлама аясында қатысушылар жасанды интеллект негіздері, цифрлық экожүйе, кибергигиена, deepfake технологияларының тәуекелдері, депутаттық қызметте ЖИ құралдарын пайдалану және цифрлық коммуникациялардың заманауи тәсілдері бойынша білім алуда.
 
Оқу барысында интерактивті пікірталастар, тәжірибелік тапсырмалар, шағын топтық жұмыстар және практикалық кейстер қарастырылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-atyrau-region/press/news/details/1225648?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді