
Май аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды
Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиев ұжымға жаңа басшыны таныстырды. Сондай-ақ Май аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жұмысымен танысты.
Бақытбек Асқарұлы 1999 жылы туған, Павлодар қаласының тумасы. Астана қаласындағы медицина университетін «Қоғамдық денсаулық сақтау бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2021 жылдың тамыз айында «Павлодар облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК-да эпидемиолог дәрігер қызметінен бастаған. Кейін «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ КМК-да эпидемиолог дәрігер болып жұмыс істеген.
2022 жылдың тамыз айынан 2024 жылдың мамыр айына дейін Павлодар қаласының №3 емханасында еңбек етіп, салауатты өмір салтын үйлестіруші дәрігер, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2024 жылдың мамыр айынан 2026 жылдың мамыр айына дейін ҚР ДСМ СЭБК Павлодар облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ КМК-да бактериологиялық зертханадағы санитариялық-эпидемиологиялық қызмет дәрігері және облыстық бактериологиялық зертхананың меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2026 жылғы 21 мамырдан бастап конкурстық іріктеуден сәтті өтіп, ҚР ДСМ СЭБК Павлодар облысының ДСЭБ Май аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Отбасылы, бір баланың әкесі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1225772?lang=ru

Жауап қалдыру