Маңғыстау облысында есірткі заттарын және бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз сақтау дерегі анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы полиция қызметкерлері жүргізген жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында бекіре тұқымдас балықтарды, сондай-ақ есірткі заттарын заңсыз сақтау және тасымалдау фактісі анықталды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында автокөлікті қарау кезінде жалпы салмағы 64 келіден асатын бекіре тұқымдас балықтар тәркіленді. Кейін тұрғылықты мекенжай бойынша жүргізілген тінту барысында қосымша 21 келіден астам балық, электронды таразы және жалпы салмағы 213 грамнан асатын «гашиш» есірткі заты тәркіленді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1225013?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді