
2026 жылғы 6-9 сәуір аралығында «Бөбек» бөбекжайы» МКҚК базасында аттестаттауға дайындық барысында әдістемелік көмек көрсету мақсатында мобильді топ жұмыс атқарды.
Мобильді топ мүшелері аттестаттауға құжаттарды дайындау бойынша үлкен жұмыс жүргізді, педагогтарға практикалық және консультациялық қолдау көрсетті, кәсіби қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар берді.
Жұмыс шеңберінде жеке консультациялар , ұсынылған материалдарға талдау жүргізілді, білім беру құжаттарын жүйелеу мен түзету бойынша көмек көрсетілді. Мобильді топтың жұмысы аттестаттауға дайындық үдерісінде өзінің тиімділігі мен маңыздылығын көрсетті.
Мобильді топ мүшелеріне кәсібилігі, жауапкершілігі және сапалы атқарылған жұмысы үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shalakynroo/press/news/details/1225777?lang=ru

Жауап қалдыру