
Мемлекет басшысының цифрландыруды дамыту және заманауи технологияларды енгізуге бағытталған Жолдауын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті өзара ынтымақтастық шеңберінде «Minor» жұмыс жобасына қол қойды.
Жоба дуальды білім беруді дамытуға, білікті IT мамандарын даярлауға және студенттердің экономикалық қауіпсіздік, цифрлық технологиялар және қаржылық мониторинг саласында практикалық дағдылар алуына бағытталған.
Ақпараттық технологиялар факультетінің студенттерін даярлауға ерекше назар аударылды. Жобаны іске асыру студенттерге теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға, қызметтегі мамандардың тәжірибесін меңгеруге және киберқауіпсіздік пен цифрлық тергеп-тексеру саласында сұранысқа ие кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-karaganda/press/news/details/1224939?lang=ru

Жауап қалдыру