Меркі ауданы ТЖБ Меркі ауылы №9 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен жол жүру ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді. Іс-шара барысында Меркі аудандық полиция бөлімінің ӘПБ ЖПҚБ қызмет инспекторы жол қозғалысы қауіпсіздігі, қызметтік автокөліктерді пайдалану тәртібі және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында қызметкерлерге жол жүру ережелерін қатаң сақтау қажеттігі ескертіліп, қауіпсіздік талаптары бойынша нұсқаулық берілді.
Жауап қалдыру