
Астана, 2026 жылғы 21 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Қазақстан Республикасындағы Молдова Республикасының жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Игорь Молдованнан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.
Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын, сондай-ақ алдағы екіжақты іс-шаралар кестесін талқылады.
Сондай-ақ екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасу өтті.
Кездесуді соңында, Молдова Елшісі жылы қабылдау үшін алғыс айтып, достық пен әріптестік рухында мемлекетаралық қарым-қатынастарды дәйекті дамыту үшін бар күш-жігерін салуға дайын екенін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1225411?lang=ru

Жауап қалдыру