
Музыка және көркем еңбек:
инновациялар мен шығармашылық кеңістігі
2026 жылғы 15 мамырда Қостанай қаласы білім бөлімінің Мәриям Хәкімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінің базасында музыка және көркем еңбек пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестігі аясында «Музыка және көркем еңбек пәндерін оқытуда заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдану арқылы инновациялық педагогикалық тәжірибені дамыту» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинар барысында педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру, музыка және көркем еңбек пәні мұғалімдерінің шығармашылық әрі инновациялық тәжірибесін дамыту, сондай-ақ білім алушылардың эстетикалық және шығармашылық қабілеттерін жетілдіру мәселелері қарастырылды.
Қатысушылар үшін музыка және көркем еңбек пәндерін оқытудың заманауи тәсілдеріне, оқушылардың шығармашылық дағдыларын дамытуға, цифрлық технологияларды, 3D-модельдеуді және жасанды интеллектіні білім беру үдерісінде қолдануға арналған ашық сабақтар, шеберлік сыныптары мен тәжірибеге бағытталған алаңдар ұйымдастырылды.
Семинар педагогикалық тәжірибе алмасуға, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға және музыка мен көркем еңбек бағытындағы инновациялық тәжірибелерді таратуға арналған тиімді алаңға айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bilim/press/news/details/1225437?lang=ru

Жауап қалдыру