
Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев Нағи Ілиясов және Шаған ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім және сала басшылары қатысты.
Алдымен ауыл әкімдері елді мекендерде атқарылған жұмыстар туралы баяндап, жүзеге асқан жобалар мен алдағы жоспарларға тоқталды.
Жиын барысында аудан басшысы өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, инженерлік-инфрақұрылымдық жүйелерді жаңғырту және елді мекендерді абаттандыру бағытындағы жобалардың кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
Аудан көлемінде елді мекендердің инженерлік және коммуналдық инфрақұрылымын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, Нағи Ілиясов ауылдық округіндегі жеке тұрғын үйлер орналасқан аумақтарға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу және тас жол салу жобасы жүзеге асырылмақ. Жаңа тұрғын үйлер бой көтерген аймақтарға қажетті инфрақұрылым тартылып, жол құрылысы жүргізіледі.
Сонымен қатар, 2026 жылға аудандық бюджет есебінен Шаған елді мекенінің көшелеріне жол салу жобасына 114,0 млн теңге қаржы бөлінген. Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 3,5 шақырымнан асатын Мұратбаев, Тұйғынов, Омаров, Адаев және Аябек көшелеріне бірінші кезең бойынша қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме – «Ақтоған» ЖШС.
Бұдан бөлек, Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Арна» мекемесінің қолдауымен «Жиделіарық» каналына қазу және тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан ұсыныстар мен сауалдар қойылып, аудан әкімі көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табатынын жеткізді. Сондай-ақ, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту және халыққа қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1225430?lang=ru

Жауап қалдыру