
Азаматтарды қабылдау орталығында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев жеке мәселелері бойынша жүгінген Астана және Алматы қалаларының тұрғындарын қабылдады.
Онлайн форматта өткен қабылдау барысында жекелеген кәсіпорындарды қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне енгізу, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режімнен босату тетігін қолдану, сондай-ақ Алматы қаласында әкімшілік ғимаратты салу мен пайдалануға берудің заңдылығы мәселелері көтерілді.
Ерсайын Нағаспаев барлық өтініштерді мұқият қарап, қолданыстағы заңнама нормалары мен тетіктері бойынша жан-жақты түсіндірме берді. Бірқатар мәселе министрдің жеке бақылауына алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1225869?lang=ru

Жауап қалдыру