Өңірде алғаш рет Telecommunications Day Conference конференциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

17 мамыр – Байланыс қызметкерлерінің күні. Осыған орай өңірде алғаш рет Telecommunications Day Conference іс-шарасы ұйымдастырылды. Жиынға облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Жалғас Ғұмаров қатысып, сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады. Ол цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында аймақта атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды.

Бүгінде облыстағы 405 ауылдық елді мекеннің 364-і интернет желісімен қамтылған. Ал дыбыстық ұялы байланыс 93 пайызында қолжетімді. Былтыр Beeline және Kcell операторларымен бірлесіп 21 ауылға жаңа базалық станция орнатылып, 202 ауыл 4G стандартына көшті. Сондай-ақ Сырым және Тасқала өткізу бекеттері мобильді интернетпен қамтылды. Биыл Орал және Ақсай қалаларында, сондай-ақ 10 ауылдық елді мекенде жаңа базалық станциялар қойылды.

Конференцияда «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын іске асыру, елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту, республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар бойында мобильді интернет желісін қосу мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, цифрлық қауіпсіздік, интернет-алаяқтықтың алдын алу сынды өзекті тақырыптарға қатысты да ұсыныс-пікірлер айтылды.

Облыста телекоммуникация саласына тартылған инвестиция көлемі артып келеді. Былтыр 7,8 млрд теңге инвестиция тартылса, 2026 жылдың алғашқы үш айында бұл көрсеткіш 2,5 млрд теңгені құрады.

Кәсіби мереке қарсаңында сала үздіктеріне облыс әкімінің алғыс хаты табысталды.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-informatization/press/news/details/1225500?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді