
Юннатов көшесіндегі жеке тұрғын үй аумағында өрт шықты. Қатты желдің салдарынан жалын жақын орналасқан шаруашылық құрылысқа, кейін өрт сөндірушілер келгенге дейін екі көрші тұрғын үй мен аула құрылыстарына таралған.
Оқиға орнына жеткен ТЖМ бөлімшелері қатты жел жағдайында өртті жедел сөндіріп, жалынның одан әрі таралуына жол бермеді.
Өрттің жалпы аумағы 250 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Өрттен зардап шеккен үйлердің тұрғындарымен ТЖМ психологтары жұмыс жүргізуде.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға және төтенше жағдайларға алып келуі мүмкін бұзушылықтарды дер кезінде жоюға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1225801?lang=ru

Жауап қалдыру