ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТЕМІР АУЫЛ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы Темір ауыл округінің тұрғындарымен кездесіп, тиісті кезеңде аудан көлемінде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде кеңінен баяндады.

Кездесу барысында аудан басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инвестиция тарту, құрылыс, инфрақұрылым, ауыз су, жол жөндеу, газдандыру және абаттандыру бағыттарында жүзеге асқан жұмыстарды атап өтті.

Аудан әкімінің айтуынша, 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында ауданның жалпы өңірлік өнімі 19,7 млрд теңгеден асып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай өсім қалыптасқан. Сонымен қатар, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 6,2 млрд теңгені құрап, бірқатар ірі жобалар іске асырылуда.

Кездесуде Темір ауыл округіндегі өзекті мәселелер мен елді мекендерді дамыту бағытындағы жұмыстар да сөз болды. Атап айтқанда, көшелерді жарықтандыру, жолдарды жөндеу, абаттандыру, балалар ойын алаңшаларын салу және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылатыны айтылды.

Сонымен қатар, Темір ауыл округінде 2025 жылы атқарылған жұмыстарға да тоқталып өтті. Атап айтқанда, ауыл округінің жергілікті кірістер жоспары 106,9 пайызға орындалып, бюджет қаражаты елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартуға бағытталды.

Ауыл округінде Б.Момышұлы көшесінен М.Батырбеков көшесіне дейінгі аралықта көше жарықтандыру желілерінің құрылысы жүргізіліп, саябақ, стадион және аллея аумағындағы жарықшамдар жаңартылды. Сонымен бірге, ішкі көшелер мен полигон аумағында санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты ұйымдастырылды.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан ауыл ішіндегі жол сапасы, көше жарығы, ауыз су және әлеуметтік нысандарға қатысты ұсыныс-пікірлер айтылып, аудан әкімі көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табатынын жеткізді.

Жиын соңында аудан басшысы тұрғындарды елді мекендердің тазалығын сақтауға, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуға шақырып, ауылдың дамуы – баршаға ортақ міндет екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-timur/press/news/details/1225074?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді