
Алматы облысы ПД Күзет қызметін бақылау бөлімімен Қарасай ауданында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларымен семинар-жиналыс өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — террористік тұрғыдан осал объектілерде қауіпсіздік талаптарын сақтау, құқықтық нормаларды түсіндіру және терроризмге қарсы қорғаныс шараларын күшейту.
Семинар барысында қатысушыларға террористік қауіптердің алдын алу, объектілерді инженерлік-техникалық нығайту, күзет жүйелерін жетілдіру, бейнебақылау талаптары мен төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету алгоритмдері түсіндірілді. Сонымен қатар, нысандар басшыларына қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау және қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша нақты ұсынымдар берілді.
Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар беріліп, өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелері талқыланды.
Айта кетейік, мұндай профилактикалық және түсіндіру шаралары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және террористік қатерлердің алдын алу мақсатында тұрақты түрде өткізілуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1225078?lang=ru

Жауап қалдыру