Қазақстан мен БАӘ авиация мен инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абу Даби, 2026 жылғы 20 мамыр – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек «Emirates Group» компаниясының төрағасы және бас атқарушы директоры, Дубай азаматтық авиация басқармасының президенті, «Dubai Holding» және «Dubai Airports» төрағасы шейх Ахмед бен Саид Әл Мактуммен кездесу өткізді.
          Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен БАӘ арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы және оны одан әрі дамыту әлеуетін, атап айтқанда авиация, көлік, логистика, туризм, инвестиция және инфрақұрылымды дамыту салаларындағы өзара іс-қимылды талқылады.
          Екіжақты қарым-қатынастар стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейіне жетіп, белсенді саяси диалог пен биік деңгейдегі тұрақты байланыстардың нәтижесінде қарқынды дамуда екені айтылды. Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында бірлескен жұмысты жалғастырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
          Қазақ дипломаты шейх Ахмед бен Саидтың Дубайды әлемдегі ірі авиациялық, көлік және іскерлік хабтардың біріне айналдырудағы елеулі үлесіне тоқталды. Бұл тұрғыда, оның басшылығым «Emirates Group» жаһандық авиация саласындағы жетекші компаниялардың біріне, ал Дубай халықаралық әуежайы әлемдегі ең ірі авиациялық торап мәртебесіне айналғанына мән берді.

Сонымен қатар, тараптар қазақстандық және әмірлік компаниялар арасындағы іскерлік байланыстарды нығайту мен ынтымақтастықты кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасты.

Кездесудің соңында тараптар конструктивті диалогты жалғастыруға және Қазақстан мен БАӘ арасындағы өзара тиімді әріптестікті дамытуға өзара мүдделі екендерін растады.

Анықтама: Emirates Group – әлемдегі ең ірі авиациялық топтардың бірі және штаб-пәтері Дубай қаласында орналасқан БАӘ-нің негізгі әуе тасымалдаушысы. Топ құрамына «Emirates Airline» әуе компаниясы кіреді. Компания 140-тан астам бағыт бойынша рейстер орындайды және Дубайдың жаһандық авиациялық әрі логистикалық хаб ретінде дамуына маңызды үлес қосады.

Дубай халықаралық әуежайы (DXB) 2025 жылдың қорытындысы бойынша халықаралық жолаушылар тасымалы көлемі жөнінен әлемдегі ең жүктемесі жоғары әуежай мәртебесін сақтап, рекордтық 95,2 млн жолаушыға қызмет көрсетті.

Dubai Holding – Дубай әмірлігіндегі ең ірі инвестициялық және әртараптандырылған мемлекеттік холдингтердің бірі болып табылады. Оның құрамына жылжымайтын мүлік, туризм, қонақүй бизнесі, телекоммуникациялар, қаржы, технологиялар, логистика және басқа да салалардағы компаниялар мен жобалардың кең портфелі кіреді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1224851?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді