
2026 жылғы 21 мамырда Денисов аудандық мәслихатының төрағасы В.В. Шерер 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша Денисов аудандық мәслихатының депутаттарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында конституциялық реформалардың негізгі бағыттары, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның одан әрі дамуы үшін енгізілген өзгерістердің маңызы талқыланды. Заңдылық қағидаттарын нығайту, өкілді органдардың рөлін арттыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар қабылданған Конституция Қазақстан Республикасының одан әрі тұрақты дамуы, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және қоғам бірлігін нығайту үшін берік негіз болатынына сенім білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-denisov/press/news/details/1225253?lang=ru

Жауап қалдыру