
Қазақстанда 14 пен 17 жас аралығындағы қыздарға адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы қосымша вакцинация жүргізу туралы қаулы қабылданды. Екпе ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімімен ерікті түрде жүргізіледі.
Иммундау жатыр мойны обырының және АПВ-дан туындайтын өзге де аурулардың алдын алуға бағытталған. Елімізде жыл сайын жатыр мойны обырының шамамен 2 мыңға жуық жаңа жағдайы тіркеледі.
Вакцинация «Гардасил» төртвалентті вакцинасымен үш кезең бойынша жүргізіледі. Екпе білім беру ұйымдарының медициналық кабинеттерінде және тіркелген емханаларда салынады.
Бүгінде Қазақстанда АПВ-ға қарсы 398 мыңнан астам доза егілді. Ресми мәліметке сәйкес, вакцинадан кейін жағымсыз әсерлер тіркелмеген.
Мамандар вакцинацияның онкологиялық аурулардың алдын алудағы тиімді тәсілдердің бірі екенін және жасөспірімдер денсаулығын қорғауда маңызды рөл атқаратынын атап өтуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1225668?lang=ru

Жауап қалдыру