Қазақстанның тарихи мұрасы мен заманауи реформалары Мадридтегі сарапшылық пікірталастың өзегіне айналды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мадрид, 2026 жылғы 20 мамыр – Қазақстанның Испаниядағы Елшілігі халықаралық қатынастар, тарих, әлемдік экономика және экологиялық күн тәртібі салаларындағы испандық сарапшылар мен академиялық қауымдастық өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» ұйымдастырды.

Іс-шара барысында Елші Д. Мұсаев қазіргі халықаралық сын-қатерлер жағдайындағы Қазақстанның орнықты даму тәсілдері туралы айтып, елдің саяси жаңғыруы, сыртқы саяси бағыты және технологиялық даму басымдықтарын таныстырды.

Қатысушылар Қазақстанның көпвекторлы саясатының негізгі бағыттарымен, сондай-ақ көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға және БҰҰ аясындағы сындарлы халықаралық диалогты ілгерілетуге бағытталған «орта державa» ретіндегі ұстанымымен таныстырылды.

Жаһандық қауіпсіздік, су дипломатиясы және экологиялық орнықтылық салаларындағы қазақстандық бастамаларға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Халықаралық су ұйымын құру бастамасы, Аралды құтқару халықаралық қорының қызметі, сондай-ақ өркениетаралық және дінаралық диалогты дамытуға бағытталған күш-жігер сөз болды.

Іс-шараның жеке бөлімі Қазақстандағы ішкі саяси жаңғыру үдерістеріне арналды. Қазақ дипломаты республикалық референдум қорытындысы бойынша қабылданған Конституция институттарды одан әрі нығайтуға, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасайтынын атап өтті.

Осы тұрғыда тарихи сабақтастық пен Ұлы дала мұрасын сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Қазақстанның Алтын Орда мұрасын елдің тарихи және өркениеттік дамуының ажырамас бөлігі ретінде қарастыратыны айтылды.

Испан сарапшылары Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформаларға оң баға беріп, елдің өңірлік және жаһандық деңгейдегі рөлінің нығаюын ескертті.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Испания арасындағы сараптамалық-талдамалық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға өзара қызығушылық расталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1225271?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді