Қолжетімді орта талаптарына сәйкестік туралы декларацияны келісу: бұл не үшін маңызды?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, әлеуметтік қамсыздандыру, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді уақтылы әрі дұрыс тағайындау және төлеу мәселелерін қамтиды.

Осы міндеттер шеңберінде Ұлытау облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті қолжетімді орта талаптарының сақталуына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

«AMANAT» партиясының «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» 2023–2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы аясындағы жол картасын іске асыру жоспарына сәйкес, 2026 жылға қарай объектілердің қолжетімділік деңгейін 80 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда облыс бойынша «Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталындағы интерактивті қолжетімділік картасына әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының 394 объектісі енгізілген, оның ішінде 263 объект толық қолжетімді мәртебесіне ие.

Қолжетімді орта талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Департамент Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес профилактикалық бақылау мен жоспардан тыс тексерулер жүргізеді. Ғимараттар мен құрылыстардың халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету талаптары бұзылған жағдайда әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылады.

Жаңа Құрылыс кодексін енгізу аясында объектіні пайдалануға қабылдау кезінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділіктің қамтамасыз етілуі сәйкестік туралы декларациямен расталатын болады. Осы бағыттағы сәйкестік декларациясын келісу өкілеттігі Департаментке бекітілген.

Заманауи инфрақұрылым әрбір адам үшін, оның жасына, денсаулық жағдайына немесе жүріп-тұру ерекшеліктеріне қарамастан, ыңғайлы әрі қолжетімді болуы тиіс.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-ulytau/press/news/details/1225621?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді