Сандықтау ауданы әкімінің Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздер рухани құндылықтарды, ұлттық дәстүрлерді сақтауға және ауданның мәдени өмірін дамытуға өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Сіздердің шеберліктеріңіздің, шығармашылықтарыңыз бен өз істеріңізге деген адалдықтарыңыздың арқасында Сандықтау ауданының тұрғындары өнер мен мәдени мұраның асыл қазынасымен сусындап келеді.
Сала қызметкерлерінің барлығына адал еңбектері, бастамашылдығы және жоғары кәсібилігі үшін алғысымды білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, шабыт, шығармашылық табыс, бақ-береке және жаңа жетістіктер тілеймін!
Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1224907?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді