
Шексіз білім: Заманауи инклюзия әлемі»
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, әр бала үшін тең мүмкіндіктер жасауға ұмтылған педагогтардың басын қосқан аймақтық семинар өтті!
Семинарға Меңдіқара, Қарасу аудандарының және Қостанай қаласының бастауыш сынып мұғалімдері, логопедтері мен педагог-психологтары қатысты.
Семинардың мақсаты: Инклюзивті ортада «Smart» технологияларды қолдану бойынша озық әдістерді көрсету. Педагогтардың инклюзивті құзыреттілігін және цифрлық сауаттылығын арттыру. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқу үдерісін бейімдеудің жаңа тәсілдерін ұсыну.
Кездесудің басты тақырыбы — Smart Inclusion. Біз цифрлық технологиялардың ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕББҚ) балаларды оқытуды қалай қолжетімді әрі тиімді ететінін талқыладық.
Инклюзивті сыныпқа арналған интербелсенді платформалар мен мобильді қосымшалар, жеке оқу жоспарларын цифрландыру — оларды қалай икемді және ыңғайлы етуге болады, психологиялық қолдау мен сүйемелдеудің заманауи құралдары сияқты әр түрлі тақырыптарды қарастырды.
Қатысушылар тек теорияны тыңдап қана қоймай, практикалық дағдыларды пысықтады. Енді біздің педагогтардың қоржынында оқу үдерісін әр оқушының даралығына бейімдеуге арналған құралдар одан сайын көбейді.
Заманауи мектеп — бұл технологиялар ізгілікке қызмет етіп, әр баланың әлеуетін ашуға көмектесетін мекен!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bilim/press/news/details/1225352?lang=ru

Жауап қалдыру