ШҚО-да «Заң аумағы» атты республикалық Graffity Battle фестивалі басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО-да «Заң аумағы» атты республикалық Graffity Battle фестивалі басталды

Өскемендегі «Самал» саябағында «Заң және тәртіп» идеологиясын насихаттауға бағытталған «Заң аумағы» республикалық Graffity Battle  фестивалінің салтанатты ашылуы өтті.

Фестиваль аясында граффити сайысы қаланың бірнеше локациясында ұйымдастырылып, жас суретшілер өз шығармашылық идеяларын көше өнері арқылы ұсынады. Іс-шараға қоғам белсенділері, спортшылар және арнайы қонақтар қатысты.

Бүгінгі фестивальге елдің 8 өңірінен – Астана, Шымкент қалалары, Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген талантты 30 жас қатысып, өз өнерлерін көрсетуде.

Бұл – заң мен тәртіпті насихаттаудың жаңа форматы, шығармашылық пен азаматтық ұстанымның тоғысқан алаңы.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1224253?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді