
Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Шу теміржол колледжі» студенттерімен өрт қауіпсіздігі және шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік талаптары бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында студенттерге өрттің алдын алу шаралары, өрт туындаған кездегі іс-қимыл тәртібі және электр құралдарын қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар, жаз мезгілінде су айдындарындағы қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылып, рұқсат етілмеген орындарда шомылмау, қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігі ескертілді. Кездесу барысында төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне хабарласу қажеттігі де айтылды.
Жамбыл облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1225097?lang=ru

Жауап қалдыру