
2025 жылғы 20 мамырда Департаментпен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бірінші
вице-министрі Е.Ж. Тұяқбаевтың төрағалығымен елордадағы құрылыс саласындағы өндірістік жарақаттану мәселелері бойынша кеңес өткізілді.
Кеңес барысында «Өндірістік жарақаттанудың жай-күйі туралы» тақырыбында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің басшысы Е.С. Исмагулов баяндама жасады.
Сондай-ақ, Астана қаласы Кәсіподақтар орталығының төрағасы
Т.Н. Кунадилов «Құрылыс саласындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етудегі кәсіподақтардың рөлі туралы» тақырыбында баяндама жасады.
Кеңеске Астана қаласы прокуратурасы, Полиция департаменті өкілдері, сондай-ақ елорданың ірі құрылыс ұйымдары қатысты.
Кеңес қорытындысы бойынша Е.Ж. Тұяқбаев құрылыс нысандарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын күшейту жөнінде тапсырма берді.
Өндірістік жарақаттану мәселесі Министрліктің тұрақты бақылауында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-astana/press/news/details/1224948?lang=ru

Жауап қалдыру