
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы хабарландыру
«Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ 2026 жылғы 1 маусым мен 13 шілде аралығында Басқарманың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
– Басқарманың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер мен ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
– Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, сондай-ақ оларды жою жөнінде шаралар әзірлеуге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-sport/press/news/details/1225570?lang=ru

Жауап қалдыру