Талас ауданында оқушыларға қауіпсіздік сабағы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді. Кездесу барысында құтқарушылар судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін түсіндіріп, рұқсат етілмеген жерлерде шомылудың қауіпті екенін ескертті. Мамандар балаларға суға жалғыз бармау, терең жерлерге түспеу және үлкендердің қарауынсыз шомылмау керектігін айтты. Сонымен қатар алғашқы көмек көрсету тәсілдері таныстырылып, оқушылардың сұрақтарына жауап берілді. Сабақ соңында балаларға қауіпсіздік жадынамалары таратылып, жазғы демалыс кезінде сақтық шараларын ұмытпау қажеттігі ескертілді.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1225583?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді