Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбілік – ортақ жауапкершілік

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» қағидаты – бұл тек экологиялық бастама емес, қоғамның барлық саласын қамтитын маңызды құндылық.
Тазалық – қоршаған ортаның тазалығымен ғана шектелмейді. Ол – әр азаматтың санасы, мәдениеті, жауапкершілігі. Таза ой, адал ниет, дұрыс сөз бен заңға сай әрекет – өркениетті қоғамның негізі.
Қарапайым қағидаларды сақтау – қоқыс тастамау, қоғамдық тәртіпті бұзбау, бір-біріне құрметпен қарау – әр азаматтың күнделікті міндеті болуы тиіс. Осы талаптардың орындалуы елдің дамуына, қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықтың нығаюына тікелей әсер етеді.
Әрбір азаматтың жауапкершілігі мен үлесі арқылы ғана «Таза Қазақстан» қағидаты толық жүзеге асады. Бұл – еліміздің көркеюі мен болашағы үшін ортақ міндет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-informatization/press/news/details/1225373?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді