
2026 жылғы 20 мамырда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Ақтөбе облысы бойынша филиалында Ақтөбе облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Успанова Камила Кажмухановна техникалық оқу өткізді.
Іс-шара мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, сондай-ақ зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде мамандардың жұмысын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.
Техникалық оқу барысында құжаттарды қабылдаудың дұрыстығы, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтау, зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі, сондай-ақ құжаттардың толықтыруға қайтарылуының негізгі себептері қарастырылды.
Сонымен қатар іс-шара аясында жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау туралы өтініштерді қарау мәселелері талқыланды.
Қатысушыларға тәжірибеде туындайтын мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер берілді. Іс-шара соңында мамандар барлық қойылған сұрақтарына жауап алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-aktobe/press/news/details/1225565?lang=ru

Жауап қалдыру