
«Тіл тазалығын сақтайық!» акциясы аясында Қамысқала ауылдық округіндегі “Алакөл орта мектебі” КММ-де зерделеу және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, көрнекі ақпараттардың заң талаптарына сәйкестігін бақылау және тіл мәдениетін қалыптастыру.
Зерделеу барысында мекемедегі маңдайшалар, ақпараттық стендтер мен көрнекі ақпараттардың Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы талаптарына сәйкестігі тексерілді. Сонымен қатар, мемлекеттік тілде сауатты жазу, ресми ақпараттарды талапқа сай рәсімдеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру нәтижесінде қателіктер анықталған жоқ. Мекеме қызметкерлеріне мемлекеттік тіл талаптарын сақтау және құжаттарды заңнамаға сәйкес рәсімдеу бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мен тіл мәдениетін дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kamyskala/press/news/details/1225468?lang=ru

Жауап қалдыру