«TOMIRIS» ақпараттық-білім беру бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырауда әйелдердің саяси көшбасшылығын дамытуға бағытталған «TOMIRIS» ақпараттық-білім беру бағдарламасына қатысушыларды іріктеу басталды.

Бағдарлама аясында жеке тұлғалық даму, тиімді коммуникация, әлеуметтік жобаларды басқару, құқықтық, цифрлық және қаржылық сауаттылық бағыттары бойынша оқыту ұйымдастырылады. Сонымен қатар, қатысушылар білікті мамандармен тәжірибе алмасып, нетворкинг кездесулерге қатысады.

Қатысу үшін үміткерлер өтінім толтырып, онлайн немесе офлайн форматтағы сұхбаттасудан өтуі қажет.

Өтінімдер 26 мамыр, сағат 18:00-ге дейін қабылданады. Сұхбаттасу кезеңі 27-29 мамыр аралығында Атырау қаласында өтеді.

Жобаға қатысушылар саны шектеулі, өтінім жіберіп үлгеріңіз!

Айта кетейік, жоба облыстық Ішкі саясат басқармасының тапсырысы негізінде Атырау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қолдауымен жүзеге асырылуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/1225715?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді