Түркістан облысында полиция балалардың қауіпсіздігіне арналған форум өткізді 

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан облысының полицейлері “Адал ата-ана – қауіпсіз балалық шақ” тақырыбында ата-аналар форумын өткізді. Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу және ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараға 250-ге жуық тұрғын қатысты.

Форум барысында бала қауіпсіздігі, құқықтық сауаттылық және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Бәйдібек ауданы полиция бөлімінің бастығы Ғалымжан Құрбаналиев профилактикалық жұмыстар туралы баяндама жасап, бала қауіпсіздігі – қоғам алдындағы ортақ міндет екенін атап өтті.

Шара соңында қатысушылар балалардың құқық бұзушылығының алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстарын жандандыру жөнінде ортақ міндеттер белгіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1225858?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді