
Жетісу облысының аумағында судағы жаппай демалысқа арналған 4 орын белгіленген. Атап айтқанда: Талдықорған қаласының қалалық жағажайы, Алакөл ауданының Ақши және Көктұма жағалаулары, сондай-ақ Сарқан ауданындағы Балқаш көлінің жағалауы.
Суға шомылу маусымы ресми түрде биыл 1 маусымда басталады. Осыған орай тұрғындарға қарапайым қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз:
– тек рұқсат етілген және жабдықталған жағажайларда шомылу;
– балаларды су айдындары маңында қараусыз қалдырмау;
– мас күйде суға түспеу;
– буйкамен белгіленген қауіпсіздік аймағынан аспау;
– жүзу құралдарын (құтқару кеудешесі және т.б.) пайдалану;
– су қоймаларындағы ескерту белгілеріне назар аударыңыз.
Құрметті тұрғындар! Судағы қауіпсіздік – әр адамның жеке жауапкершілігі. Қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтау арқылы сіз өз өміріңізді және жақындарыңыздың өмірін сақтай аласыз. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарлаңыз.
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eskeldi/press/news/details/1225229?lang=ru

Жауап қалдыру