
«Ұлт рухын тәрбиелеу: Ыбырайдың ізі, Абайдың сөзі»
«Ұлы тұлғалар жолы» облыстық жобасы аясында 2026 жылғы 29 сәуірде Жітіқара ауданы білім бөлімінің Абай атындағы мектеп-лицейі базасында «Ұлт рухын тәрбиелеу: Ыбырайдың ізі, Абайдың сөзі» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шараға әр өңірлерден педагогтер қатысып, Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбайұлының мұрасы, заманауи тәрбие тәсілдері, мектептердің цифрлық трансформациясы және тәлімгерлік мәселелерін талқылады.
Конференция жұмысы төрт секция бойынша ұйымдастырылды. Қатысушылар ұлттық құндылықтарды, заманауи технологиялар мен инновациялық педагогикалық тәсілдерді ұштастырудағы тәжірибелерімен бөлісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bilim/press/news/details/1225380?lang=ru

Жауап қалдыру