
«Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Қоғаммен байланыс» жобасын жүзеге асыру аясында Қайрат Рысқұлбеков саябағында уәкілетті органдар және қоғам белсенділерінің қатысуымен азаматтарды қабылдауға бағытталған ауқымды акция ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, қолданыстағы құқықтық нормаларды түсіндіру және құқықтық мәселелерді шешуге көмек көрсету.
Бірлескен қоғамдық қабылдау өзекті мәселелерді шешудің тиімді құралына айналып, 200-ден астам азаматқа білікті жауаптар мен заң көмегін алуға мүмкіндік берді, сондай-ақ 40-тан астам проблемалық мәселе шешімін тапты.
Жамбыл облысының прокуроры Берік Әбілов өз сөзінде халықтың өтініштеріне жедел ден қою және кері байланысты қамтамасыз ету – прокуратура жұмысының негізгі басымдықтарының бірі екенін айрықша атап өтті.
Акция барысында келушілерге құқықтық көмек көрсетіліп, әлеуметтік қорғау, кәсіпкерлік, білім беру, тұрғын үй, жер қатынастары, салық заңнамасы, қылмыстық және әкімшілік құқық салаларындағы өзекті мәселелер бойынша тегін заң консультациялары берілді.
Сонымен қатар, Тараз қаласының прокуратурасымен азаматтармен кері байланыс орнатуға арналған «QR» код цифрлық құралы әзірленді. Аталған тетікті енгізу іс-шараларға қатысушылар санын ашық есепке алуға, жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін объективті бағалауға, халықпен кері байланыстың деңгейін арттыруға, проблемалық мәселелер мен қоғамдық көңіл-күй деңгейін жедел анықтауға мүмкіндік берді.
Тұрғындар да өз кезегінде аталған акцияға оң баға берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1225513?lang=ru

Жауап қалдыру