Жамбыл облысында эпизоотиялық ахуал тұрақты

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өңірдегі эпизоотиялық ахуал бойынша кеңес өтті.
 
Ветеринария басқармасының басшысы Бақыт Бетбаевтың мәліметінше, аймақты ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар жоспарға сай жүйелі түрде жүргізілуде. 2026 жылға 16,3 млн вакцинация және 5,3 млн диагностикалық манипуляция өткізу көзделген.
 
Жыл басынан бері 5,9 млн вакцинация мен 1,7 млн диагностикалық зерттеу жүргізілді.
 
Қазіргі таңда облыс аумағында жануарлар арасында аса қауіпті жұқпалы аурулар тіркелмеген. Эпизоотиялық ахуал тұрақты әрі күнделікті бақылауда.
 
Бүгінде АШЖБ дерекқорында 4 574 230 бас ауыл шаруашылығы жануары тіркелген. Биыл облыс бойынша 1 327 694 бас төлді бірдейлендіріп, дерекқорға енгізу жоспары бекітілсе, бүгінгі күнге дейін оның 810 589 басы бірдейлендірілді.
 
2026 жылы эндемиялық аймаққа енгізілген 42 елді мекенде жалпы аумағы 5,5 млн шаршы метрді құрайтын 24 329 қора-жай, 142 мың шаршы метр буферлік аймақ және 472 мың бас ауыл шаруашылығы жануарын залалсыздандыру жоспарланған.
 
Өңірде сібір жарасы көмілген 189 орын тіркелген. Оларды күтіп-ұстау және залалсыздандыруға қажетті препараттарды сатып алуға жыл сайын қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар тұрақты жүргізілуде.
 
2026 жылғы ветеринариялық-профилактикалық жоспарға сәйкес сібір жарасына қарсы 2,4 млн манипуляция орындалды.
 
Облыс аумағында жануар өлекселері мен биологиялық қалдықтарды залалсыздандыруға арналған 49 биотермиялық «Беккари» шұңқыры жұмыс істейді.
 
Сонымен қатар биыл 11 биотермиялық шұңқырдың құрылысын жүргізу жоспарланып, қазіргі таңда оның алтауының құрылысы қолға алынған.
 
Ербол Қарашөкеев Конго-Қырым қызбасы мен сібір жарасының алдын алу, кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының сапасы, ветеринариялық бақылау, сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту – аса маңызды міндеттердің бірі екенін баса айтты.
 
Кеңес қорытындысында жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріліп, олардың мерзімінде әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету жүктелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/1225629?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді