ЖАҢА ЕҢБЕК КОДЕКСІ: ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУДАҒЫ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ALTAI телеарнасының «Жаңа Қазақстан» бағдарламасына қатысқан Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Қизатов Бақытбек Құрманбекұлы еңбек саласындағы жаңа өзгерістер туралы айтып өтті.

Сұхбат барысында қызметкерлердің құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше тоқталған спикер жаңа Еңбек кодексіндегі басты мақсат — қауіпсіз әрі әділ еңбек қатынастарын қалыптастыру екенін айтты. Сонымен қатар еңбек шарттарын заңды түрде рәсімдеу, жұмысшылардың әлеуметтік кепілдіктерін сақтау және еңбек қауіпсіздігін күшейту бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Оның айтуынша, жұмыс берушілер енді еңбек заңнамасының талаптарын қатаң сақтауы тиіс. Әсіресе артық жұмыс уақытының төленуі, заңсыз жұмыстан шығаруға жол бермеу және қызметкерлердің демалыс құқықтарын сақтау басты назарда болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/press/news/details/1224233?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді