
ALTAI телеарнасындағы «Жаңа Қазақстан» бағдарламасында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Қизатов Бақытбек Құрманбекұлы жұмыс уақытына қатысты заң талаптары туралы айтып өтті.
Сұхбат барысында еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлердің жұмыс уақыты белгіленген нормадан аспауы тиіс екені айтылды. Сонымен қатар артық жұмыс уақыты тек заң аясында рәсімделіп, қосымша ақы төленуі қажет.
Спикердің айтуынша, әрбір қызметкердің еңбек демалысына шығуға және демалыс күндерін толық пайдалануға құқығы бар. Жұмыс берушілер осы талаптарды сақтауға міндетті. Бұл еңбек қатынастарындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/press/news/details/1224241?lang=ru

Жауап қалдыру