Жуалы ауданы ТЖБ мамандары Аудандық газ шаруашылығы мекемесінің қызметкерлерімен өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндіру сабағын өткізді. Сабақ барысында өрт қауіпті кезеңде қауіпсіздік талаптарын сақтау, өрт туындаған жағдайда алғашқы іс-қимыл тәртібі және төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары түсіндірілді. Мұндай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта басқа да мекеме қызметкерлерімен жалғасатын болады.
Жауап қалдыру