Жылыой ауданы тұрғындарымен кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Атырау облыстық мәслихатының Әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Бақыт Қаметов жұмыс сапарымен Жылыой ауданында болды. Құлсары қаласындағы аудандық мәдениет үйінде тұрғындармен кездесіп, азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
 
Кездесуге келген тұрғындар тарапынан бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, қала маңында қызмет атқарып отырған “Базис Ойл” мекемесінің қызметіне қатысты заң бұзушылықтар, СМП-615 тұрғын алабындағы электр жарығы жүйесінің тұрақсыздығы, қоғамдық демалыс орындары мен саябақтарда санитарлық тораптардың жетіспеушілігі, инфрақұрылым және әлеуметтік салаға қатысты өзге де мәселелер талқыланды.
 
Сонымен қатар, тұрғындар ауданның әлеуметтік жағдайын жақсарту, коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру, қоғамдық орындардың қолжетімділігі мен тазалығын қамтамасыз ету бағытында ұсыныстарын білдірді.
 
Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер бойынша жеке сұрақтарын қойып, қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Көтерілген мәселелер заң талаптарына сәйкес зерделеніп, нәтижесі бойынша тиісті жауаптар ұсынылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-atyrau-region/press/news/details/1225625?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді