
20 мамыр күні Басқарма басшысы «Aqtobe su-energy group» АҚ-на қарасты бірқатар маңызды нысандарды аралап, жылу желілерін ауыстыру және жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Жұмыс аясында келесі нақты объектілердегі атқарылып жатқан шаралар тексерілді:
1️⃣ Әбілқайыр хан даңғылы, 49-51 үйлер мекенжайы бойынша: Жылу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда диаметрі 159 мм болатын 50 метр құбырды ауыстыру жоспарланған.
2️⃣ Алматы көшесі, 5-үй мекенжайындағы «Онкология» қазандығы бойынша: Инвестициялық бағдарлама аясында жылу желілерін жаңғырту (реконструкция) жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі уақытта диаметрі 219 мм болатын 140 метр жылу желісі жаңартылуда.
🛠️ Бұл жұмыстар қаланың жылу жүйесінің сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға, алдағы қысқы кезеңде жабдықтардың үздіксіз әрі тиімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.
📌 Жұмыс қорытындысы бойынша Басқарма басшысы жауапты мамандарға жөндеу жұмыстарын жоғары сапада және бекітілген мерзімде аяқтауды тапсырды. Өңірдің инженерлік инфрақұрылымын дайындау барысы тұрақты бақылауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-energy/press/news/details/1226716?lang=ru

Жауап қалдыру