
Парыгино ауылында “Таза Қазақстан” республикалық бағдарламасы аясында ауылдық әкімдік, дәрігерлік амбулатория, Мәдениет үйі және “Михаил Бикетов атындағы орта мектеп” КММ қызметкерлерінің қатысуымен шырша көшеттерін отырғызу бойынша акция өткізілді.
Мұндай іс-шаралар елді мекенді көгалдандыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған. Акцияның барлық қатысушыларына белсенді азаматтық ұстанымы және туған ауылын абаттандыруға қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altay-parygin/press/news/details/1226126?lang=ru

Жауап қалдыру