
“Қауіпсіз балалық шақтың кепілі” тақырыбы аясында республика көлемінде өтіп жатқан “Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан” іс-шарасы шеңберінде Сауран ауданында ауқымды форум ұйымдастырылды.
Маңызды жиынға аудан әкімі Мақсат Таңатаров, прокурор Алмас Асылбеков, полиция бөлімі бастығының орынбасары Данияр Түймебаев, имам Еркін Полатов, аудандық білім бөлімінің мамандары, ақсақалдар алқасы мен аналар кеңесінің мүшелері, Отбасын қолдау орталығының қызметкерлері және 250-ге жуық ата-ана қатысты.
Форум барысында спикерлер отбасы институтын нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі туралы кеңінен сөз қозғады.
Атап айтқанда, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы Тойсұлу Мұратқызы қоғамдағы отбасы құндылықтарының маңыздылығына тоқталып, құқық бұзушылықтың алдын алудағы бірлескен жұмыстың рөліне назар аударды.
Сонымен қатар психолог мамандар қатысушылармен арнайы тренингтер өткізіп, отбасындағы өзара түсіністік, сенім және бала тәрбиесіндегі психологиялық қолдаудың маңызын түсіндірді.
Шара барысында отбасы құндылықтары мен бала тәрбиесіне арналған тағылымды көріністер қойылып, форум концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1226339?lang=ru

Жауап қалдыру