
Тексерулер білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету және оқу-тәрбие қызметінің жүзеге асырылуын бақылау мақсатында өткізілді.
Іс-шаралармен №21 кешкі мектеп, №2 түзету мекемесі жанындағы жалпы білім беретін мектеп, Политехникалық колледж, Жарма технология колледжі және ерекше режимде ұстайтын арнайы мектеп-интернаты қамтылды.
Тексеру барысында білім беру қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің орындалуы зерделенді.
Қорытынды ақпарат Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне жолданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-abay/press/news/details/1226776?lang=ru

Жауап қалдыру