Агенттікте «Мемлекеттік қызметшілердің террористік, діни-экстремистік және деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартылуына жол бермеуге бағытталған профилактика» тақырыбында семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 21 мамырда Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері мен Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің мемлекеттік қызметшілері арасында «Мемлекеттік қызметшілердің террористік, діни-экстремистік және деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартылуына жол бермеуге бағытталған профилактика» тақырыбында семинар өткізілді.

Аталған кездесуде Агенттіктің Әдеп жөніндегі уәкілі Н.Н. Джалпақов семинарды ашып, сөзді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің бас сарапшысы, шақырылған лектор М.С. Калабаеваға берді.

Өз сөзінде лектор аталған тақырыпқа қатысты мазмұнды презентациялық материалдар мен бейнероликтер ұсынып, әлемдегі қауымдастықтарда орын алып жатқан оқиғалардың заманауи сын-қатерлерін түсіндірді. Семинар барысында Агенттік қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жан-жақты жауаптар алды.

Семинар соңында қатысушылар Миргүл Сатпаевнаға мазмұнды әрі қызықты семинар өткізгені үшін алғыстарын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1226554?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді