
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы Сіздердің назарларыңызға 2026 жылғы 06 маусым сағат 10:00-ден бастап «Gosagro» сайтында «Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантиндік объектілерге қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялау» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталатынын хабарлайды.
Еске саламыз, субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге немесе ауыл шаруашылығы кооперативтеріне ағымдағы жылы немесе өткен жылдың төртінші тоқсанында сатып алынған пестицидтер мен биоагенттерге (энтомофагтарға) жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған. субсидиялар облыс әкімдігі бекіткен бюджет қаражаты көлемі шегінде, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның қаулысымен бекітілген субсидиялар тізбесі мен нормаларына сәйкес беріледі.
Осы ақпаратты ауданның (қаланың) барлық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің назарына жеткізулеріңізді сұраймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1226719?lang=ru

Жауап қалдыру