Аққулы ауданында құқық бұзышулықтарды алдын алуға қатысатын азаматтарды мадақтаудың кейбір мәселелері туралы ЖОБА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Құқық бұзушылықтарды алдын алуға қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері мен тәртібін, сондай-ақ ақшалай сыйақы мөлшерін осы қаулыға қосымшаға сәйкес айқындау.
  2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Павлодар облысының полиция департаменті полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы қаулыны жүзеге асыру мақсатында тиісті іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету.
  3. «Аққулы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз ету тапсырылады:

осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;

осы қаулыны Аққулы ауданы әкімдігінің Интернет-ресурсында орналастыру;

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік сала және экономика мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                                                               Р. Муканов

 

 

 

 

 

 

 

 

Аққулы ауданы әкімдігінің

2026 жылғы «___» ___________

№ _____қаулысына

қосымша

 

 

Аққулы ауданында құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысатын азаматтарға ақшалай сыйақының мөлшері көтермелеудің түрлері мен тәртібі

 

  1. Құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері :

1) алғыс жариялау;

2) мақтау қағазымен марапаттау;

3) ақшалай сыйақы төлеу;

4) білім беру және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқуға жіберу;

5) ұйымда, кәсіпорында көтермелеу туралы ұсыныстарды жолдау;

6) құқық бұзушылықтарды алдын алуға елеулі үлес қосқан адамдар үшін мемлекеттік марапттама және құрметті атақпен марапаттау туралы ұсынысты еңгізу

7) көтермелеудің өзге де шаралары.

  1. Құқық бұзушылықты алдын алуға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін мемлекеттік органдардың ұсынуы бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы кент, ауыл, ауылдық округ әкімі құратын комиссия қарайды.
  2. Комиссия қабылдаған шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.
  3. Ақшалай сыйақы мөлшерін комиссия белгілейді және айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аспайды.
  4. Ақшалай сыйақы төлеуді Полиция департаментінің бюджет қаражаты есебінен жүргізеді.
  5. Көтермелеулерді төлеуге қаражат Павлодар облысы Полиция департаментінің шығыстар құрамында көзделеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-akkuly/press/news/details/1226398?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді